Банктер клиенттің проблемаларына түсіністікпен қарамайды
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова ҚР NurOtanTrends диалог алаңында еліміздегі банктердің қарыз алушылардың проблемаларына түсіністікпен қарауға тырыспайтынын көтерді. Бұл туралы baq.kz хабарлады.
«Бүгінде қарыз алушы банктен ешқандай қолдау көріп отырған жоқ. Ол банкпен бетпе-бет келіп отыр. Ешбір банк қарыз алушының басына түскен проблемаларына түсіністікпен қарауға тырыспайды. Банк тек оның дүние-мүлкін тартып алудан басқа жол іздеп отырған жоқ. Мысалы, азамат техникалық қызмет көрсету орнын ашқысы келіп, несие алды делік. Алайда, ол ТҚО жұмысы алға баспай, тұралап қалды да, ол алған несиесін уақытылы өтей алмай қалды. Сонда банк қарыз алушы несиенің ай сайынғы көлемін белгіленген мөлшерден азайтуға тырысудың орнына, оның бизнесін тартып алады. Ал қарыз алушы одан әрі жұмыс жасағысы келеді, несиені төлеуге де ниетті», — деді депутат.
Сонымен қатар, Смирнова банктер тарапынан жалақыдан қарыз соманы ұстап қалу жүйесін де сынға алды.
«Ісің оңға баспаған мұндай азаматтарды жалақы алу құқығынан да айырады. Күні кешеге дейін банк оның жалақысын процент көлемінде тәркілеп отырды. Қазір бұл мөлшер процентті құрап отыр. Ал егер оның басында екі несие болса ше? Бір банк, 50%, екіншісі қалған 50% алып отырады. Ал оның отбасы, балалары бар емес пе?Олар жалақы алмайды, бизнесінен айырылады, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігінсіз қалады, пәтерлерінен қуады, олар үнемі депрессияда жүреді. Кейбірі сонау 2004 жылдан бері осындай күйде жүр. Олардың саны миллондаған адамға жетті деп ойлаймын. Олар — масыл емес, олар алаяқ емес, бар болғаны өз бизнесін құруға ұмтылған азаматтар», — деген депутат қазіргі уақытта қаралып жатқан Банкротқа ұшырау туралы заңға да көңілі толмайтынын айтты.