Басты жаңалықтарБілім

Мектептер жаңа оқу жылына қаншалықты дайын – Білім министрінің жауабы

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердің аралас оқыту формасына дайындығын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мереке алдында 434 мың компьютер болған еді, қазір олар таратылды. Ертеңге дейін (кеше, бүгін тағы да қосымша компьютерлер келді) балаларға 500 мың компьютер тарату міндеті тұр. Бұл – өте үлкен жұмыс», — деді А. Аймағамбетов елордада №73 мектеп-лицейіндегі кездесуде.

Сонымен бірге, биыл 11 сынып оқушыларына жаңа оқулықтар беріледі. Жалпы, оқулықтар бойынша біздің әріптестеріміз, білім басқармалары, педагогтар, мектеп директорлары үлкен жұмыс атқарды. Еңбек демалысына қарамастан мұғалімдер жұмыс істеді, дайындалды», — деп атап өтті министр.

 

Басқа материалдар

Back to top button