Ақбота Керімбекованың әнімен кісі емдеген
Елімізге белгілі әнші Ақбота Керімбекова өзінің репертуарындағы әнді пайдаланып, кісі емдеген емшінің әрекетін қатты сынға алды. «Аппақ гүлдер» туындысына теңселіп билегендердің видеосы әлеуметтік желіге тараған. Мұнды көрген эстрада жұлдызы әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырып, қатты таңқалып отырғанын мәлімдеді.
“Бәрін көрдім”,-деуге болмайды десек те, маңдайымызға жазылған өнер жолының дәм-тұзы бұйыртып, көп нәрсеге қанықтық, бірақ, дәл мынадайды көру үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Әннің көңілге демеу, жанға медеу болатыны рас, солай екен деп дәл осылай жасауға бола ма?! Аңқау елге арамза молда болғандардың ақыры жақсы болғанын көргенім жоқ, адамдар бірнәрсеге тәуекел етіп немесе бірнәсеге кірісу үшін ақырын неге ойламайды екен осы?..
Әбден сарсаңға түсіп, қажығандарты, жанына тыныштық, дертіне дауа іздегендерді сендіру, көндіру оңай… мына үкілі кісінің алдында тұрғандар да бір ғажайыпқа сеніп келген шығар, оларды жазғыра алмаймын, қателік жасағанды табалау еш заманда да дұрыс болмаған. Ал, енді “аппақ гүлдетіп” тұрған кісіге Құдай сана берсін!..
Қасиетті кісілердің есімдерін қор қылды-ау… Сырдағы Серік Ыдырысов ағам айналасына “ақылыңды жойма, ақырыңды ойла”,-деп отырушы еді!..
Ай, өмір-ай, көрсетпегенді көрсеттің-ау😅 Екінші трансында марқұм Нәби екеуміз орындаған “Ақ шағала” дейтін әннің музыкасына салып алып, ұрып тұрғаны ше😂
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз