Ерке мен Райм соттала ма?

Райм мен Ерке сот алдында жауап беруі мүмкін. Олар АҚШ-та концерт береміз деп, сондағы продюсерді бірнеше рет сан соқтырып кеткен көрінеді. Бұл туралы шетелде жұлдыздардың кешін ұйымдастырумен айналысатын Талғат Абдрахманов есімді азамат өзінің инстаграм парақшасында жариялады. Ол екі айдан бері әлем желіге жұлдызды жұппен сөйлескен жазбаларын жүктеп, өтірік уәделерін дәлелдеп, шыр-пыр болып жатыр. Оның айтуынша, әртістер түрлі сылтау айтып, кешті кейінге шегере берген. Ақыр соңында мүлдем бас тартқан. Ал сол аралықта продюссердің қалтасы жұқарып қалыпты. Өйткені, әншілер келеміз деген сайын Талғат ұшаққа билет алып, қонақ үй жалдап, бәрін ұйымдастырып, әжептәуір қаражат жұмсаған. Бұл келеңсіз жағдайға қатысты әншілердің өздерімен байланысып, мәселенің мән-жайын анықтауға тырыстық. Алайда, олардың ұялы телефондары сөндірулі болды. Ал Раймның директорымен сөйлесіп ек, ол бұл жайттан бейхабармыз деп қысқа қайырып қоя салды
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз



