Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Әскери бөлімге барған Сенат депутаттары таң қалды

 ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ғалиаскар Сарыбаев пен Алишер Сатвалдиев Шымкенттегі   ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөліміне жұмыс сапарымен барды.  Мақсат — осы өңірде орналасқан әскери құрылымның тыныс-тіршілігімен және міндеттерімен танысу.

Халық қалаулыларын 6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахпанов алып жүрді, ол бөлімнің қызметтік-жауынгерлік қызметі, күштер мен құралдардың көлемі және даму перспективалары туралы хабардар етті.

Сапар барысында қонақтарәскери бөлімнің ұйымдық-штаттық құрылымымен, арнайы бөлімшелердің киім-кешектерімен, атыс қаруы мен арнайы құралдардың үлгілерімен танысты. Материалдық техникалық қамтамасыз ету мен қызмет көрсету шарттарын бағалау сапар бағдарламасының маңызды бөлігі болды.

Сондай ақ депутаттар бөлімнің асханасына барып, онда мерзімді қызмет сарбаздарының тамақтануын ұйымдастырумен танысты.

Бұдан әрі халық қалаулылары Жауынгерлік Даңқ бөлмесіне барып, жедел бригаданың тарихымен танысып, құрметті қонақтар кітабына естелік жазбалар қалдырды.

Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар әскери бөлімнің жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру мақсатында материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button