Басты жаңалықтарМәдениет

Президент жазушы Әкім Таразидің қазасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты оның жұбайы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айтты.

– Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті,  ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім Таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.

 

Әдебиет порталындағы ақпарат бойынша, Әкім Тарази (Әкім Үртайұлы Әшімов) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл обылысы, Луговой (Рысқұлов), Жаңа тұрмыс ауылында аяқтаған.

1957 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтының филология факультетін бітірді. 1957-1959 жылдары Жамбыл обылысы, Шу ауданы, Жаңа тұрмыс орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет сабақтарынан білім берді. 1960-1962 жылдары Мәскеудегі жоғарғы кинематография курсында (КСРО мәдениет министірлігінде) дәріс тыңдады.

1962 жылы «Литературный газет» (Мәскеу) Қазақстандағы меншікті тілшісі;

1964 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында, бас редактор;

1970-1980 жылдары Қазақстан киногерлер Одағының бірінші хатшысы, КСРО киноматография Одағының хатшысы.

1980-1986 жылдары шығармашылық кезеңі;

1986-1990 жылдары Қазақстан жазушылар Одағының хатшысы;

1991-1994 жылдары Мәдениет министірлігінің кеңесшісі;

1993-1996 жылдары Қаржы-қаражат журналының бас редакторы;

1994-2004 жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры;

2009 жылы Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің профессоры, Қазақстан жазушылар Одағының (2007) филиал жетекшісі қызметін атқарды.

Әкім Таразидың алғашқы шығармалар жинағы – «Ақбердінің ауласы», «Бұлтқа салған ұясын», «Тасжарған» романы, «Қорқау жұлдыз» романы, «Шер», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай», «Тәж», «Жаңбырлы түндер» романдары.

Қазақ киносының алтын қорына қосылған кинотуындылары: «Тұлпардың ізі», «Арман атаман», «Қараш-қараш», «Мұстафа Шоқай».

Қазақ театрларының сахнасындағы драматургиялық шығармалары: «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болғыш жігіт», «Ақын, періште, махаббат», «Індет», «Махамбет», «Лайнер», «Үкілі жұлдыз», «Қыз махаббаты» және тағы басқа. Жазушының бірқатар дүниелері орыс, қытай, поляк, болгар, ағылшын тілдеріне аударылды.

А.Орынғали

ФОТО: Ашық дереккөз

 

Басқа материалдар

Back to top button