Әскери оркестр сауда орталығында соғыс әндерін орындады
2025 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы атап өтіледі. Осы ауқымды іс-шара қарсаңында және «жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы аясында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің оркестрі Шымкент қаласының «Hyper House» сауда ойын-сауық орталығында соғыс жылдарындағы әндерді орындады.
Әскери оркестр сауда орталығын нағыз концерт алаңына айналдырып, барлық келушілерді Ұлы Отан соғысының батырларын еске алуға толы атмосфераға батырды. Сауда орталығындағы концерт қала тұрғындары үшін нағыз тосын сый болды.
Оркестрдің қойылымы жанды музыканы тамашалауға және тарихтың маңызды оқиғаларын еске алуға келген көптеген көрермендерді жинады. Формадағы музыканттар «Священная война» және «День Победы» сияқты танымал әуендерді мақтанышпен орындап, залды патриотизм мен бірлік атмосферасына толтырды.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық ұлан «жеңіске 100 күн қалғанда» республикалық акциясына қосылды. Алдағы уақытта құқықтық тәртіп әскерінің барлық өңірлік қолбасшылықтарында патриоттық тәрбие бойынша іс-шаралар өткізілетін болады. Ұлы Отан соғысының батырларын еске алуға ерекше көңіл бөлінеді.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі