Басты жаңалықтарМәдениет

Мақпал Жүнісова Мейрамбек пен Сәкенге өкпесін айтты

«МузАрттың» дыбыс жазу студиясына келген Мақпал Жүнісова құлап қала жаздапты. Нысан әбден тозып кеткен. Шұрық-тесік, ішінде ауа жоқ, баспалдақтан құлай жаздапты. Аты дардай әншілердің атын атып тұрып өтінішін айтқан өнер жұлдызы «МузАрт» тобының жігіттеріне өкпесін айты.

«Құрметті, «Музарттың» атақты жігіттері! Мейрамбек Беспаев, Кенжебек Жанабілов, Сәкен Майғазиев мырзалар! Студияларыңыз өте тозған, баспалдақтан құлап қала жаздадым. Қабырғалары тесік-тесік, ауа да жоқ, өте нашар студия болып кеткен. Сіздер өз үйлеріңізді ғана емес, халық келетін жерді, дауыс жазатын әншілерді құрметтеп,  студияларыңызды да тезірек жөндеңіздер. Атақтарың дардай. Үйлерің осындай болса тұрмас едіңдер»,- деді Мақпал Жүнісова.

А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button