Асқар Мырзахметов: мемлекеттік қызмет қызығатын жұмыс емес
«Айғақ» телеарнасында сұхбат берген экс-шенеунік Асқар Мырзахметов түрлі ұсыныстар болған мәлімдеді. Алайда бәрінен бас тартып, уақытын жеке өміріне арнағанды жөн көріпті.
«Мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам істедім. Мемлекеттік қызметте елдің мүддесін ойлап қызмет атқаратын болсаң, шынын айтқанда қызығатын жұмыс емес. Жеке өмірің болмайды. 7 күн, 24 сағат жұмыс істеуге тырыстық. Бағасын ел береді ғой. Денсаулықта сыр бере бастады. осының бәрін ескеріп, бүгінгі таңда отбасыныің шаруасымен айналысып жатқан жайым бар»,- деді Асқар Мырзахметов.
Сөз арасында Мырзахметов елдегі кадр саясаты туралы да пікір білдірді. Қазақстандағы қазіргі күрделі мәселе кадр саясаты деді.
«Кадр саясаты аздап құнсызданып кеткен сияқты. 30 жылдың ортасынан асқан кезде «біз жетілдік, дегенімізге жеттік» дегендей, бәрі ойдағыдай қалыптасып келе жатқандай көрінді. Қоғам қайдаң деңгейде болса да кадр саясатына жеңіл қарауға болмайды» ,- деді экс-шенеунік.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз