Басты жаңалықтарҚоғам
Әлеуметтік желідегі зәулім үйдің видеосына қатысты Астананың бас имамы пікір білдірді
Әлеуметтік желіде такси жүргізушісінің «Астананың бас имамының үйі» деген видеосы тарады. Автордың айтуынша, осы үйдің аспазын әкелген екен. Сонда көріп таң қалыпты. Сөзінше, 4 әйелімен тұрады-мыс.
«Басында мешіт екен деп қалдым. Әр жұма салған садақаларың міне, қайда кетіп жатыр… Бір гектер жерді қоршап алған» деп телефонына түсірген бейнежазбаны жүктепті.
Осы видео таралғаннан кейін Астана қаласының бас имамы Ербол Жүсіпов әлеуметтік желіде өз пікірін білдірді.
«Ассалаумағалейкүм! Құрметті, бауырлар! Қадірлі мұсылман жамағат! Қазір әлеуметтік желіде Ислам дініне және діннің айналасында жүрген азаматтарға күйе жағу мәселесі белең алды. Ондай адамдар тым шектен шықты деп айтуға болады. Ең әуелі Алла оларға хидаят берсін дейміз. Фейсбук, тикток әлеуметтік желісінде белгісіз бір азамат жалған аккаунт арқылы «Мынау тұрған зәулім үй Астана қаласының бас имамының үйі» деген мазмұнда видео бөліскен. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайтын өтірік ақпарат екендігін қаперлеріңізге саламын. Алла елшісі: «Сендердің араларыңдағы Алла Тағалаға ең жек көрініштілерің өсек таратып, адамдар арасына іріткі салып, алауыздыққа апаратындарың»-деген. Ардақты мұсылман қауым, арандатушылардың өсек-аяңынан баршамызды сақтасын. Мен, Ерболат Жүсіпов Астана қаласының Бас имамы ретінде бейне материалда тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеймін». деді елорданың бас имамы.
А.Нәби