13 жасар қызды ұрлап, оған үйленетінін айтқан

Таразда 13 жасар қызды күштеп әкетіп, оған үйленбек болған азғындар ұсталды. Бұл туралы “Еуразия” телеарнасы хабарлады.
Адам шошырлық жағдай сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан екі ер адамның автокөлікпен қарсы беттегі аялдамаға тоқтап, өрімдей қызды қолынан тартып жатқанын анық көруге болады.Абырой болғанда, сол маңда тұрған бір азамат келіп, қаршадай қызды құтқарып қалған.
“Күштеп салмақшы болып жатыр екен. Мен тұрдымда е тоқтаңдар. Нестепжастыңдар дегенде ол “мен пайғамбармын. Маған болады деп мына қызбен үйленемін деді”,-дейді куәгер Нұркен Омаров.
Бұл сұмдықты естіген әкесі жағасын ұстап отыр. Полицияға да барлығын өзі баяндап берген. Қорқып қалған қаршадай қыз қазір психологиялық көмек алып жатыр. Ал әкесі көмек көрсеткен қала тұрғынына алғысын білдірді.
“Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізілуде”,- деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.
А. Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз



