ҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Түркістанда Ұлттық ұланның жұмысына ерекше қолдау көрсетіледі

Түркістан қаласында 2024 жылғы 9 ақпанында ашылған   ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6506 әскери бөлімінің үшінші жедел мақсаттағы батальонының әскери ғимараты қалыпты  жұмыс істеп тұр.
жыл басындағы осы бір тарихи оқиғаға Әскери қалашықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Д.Сатыбалды, ҚР ІІМ орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Е.Ботақанов, «Оңтүстік» ӨңҚ қолбасшысы Т.Әміреев, сондай-ақ құзырлы құрылым басшылары қатысқан еді.
Жаңа кешеннің ашылу рәсімінде қызыл лентаны өңір басшысы мен Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы кесті. Салтанатты іс-шарада Бас қолбасшы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовке «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» кеуде белгісін табыстады. Бұдан бөлек бірқатар ішкі істер қызметкері алғыс хатпен марапатталды.
ІІМ орынбасары Е.Ботақанов, департамент бастығы М.Қабденов пен облыс әкімі бастаған құрметті қонақтар әскери кешендегі штабта, казармада, автопаркте және саптық алаңда болып, кинология қалашығын, спорт қалашығын, тир ғимаратын аралады. Тир ату залында тапаншадан оқ атып, мергендіктерін танытты.

Басқа материалдар

Back to top button