Басты жаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бридасының тыныс-тіршілігі

Биыл 10 өңірде төтенше жағдай жарияланды.  Президент айтқандай, бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты да еңсереміз.  Осындай қиын-қыстау кезде төтенше жағдай, полиция, ұлттық ұлан,  басқа да құзырлы орган өкілдерімен бірге, қорғаныс министрлігіне қарасты құрылымдардың сарбаздары да атсалысып жатыр.

Сарбаздар тек судан емес,  көктен де қауіп төнсе ел үшін аянып қалмайды. Шымкент қаласына Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бридасының тыныс-тіршілігі мынадай екен.

Бұл құрылымның алдында тұрған жауапкершілік жоғары. Елдің әуе кеңістігін, саяси- әкімшілік орталықтарды, стратегиялық маңызы бар нысандарды әуе шабуылынан қорғайды.

«Бұл әскери бөліміміздің зейнеттік зымырандық кешені орналасқан алаң. Біздің зейнеттік зымырандық кешен әуе кеңістігіндегі жоғары жылдамдықтағы ұшақтарды және ұшқышсыз ұшақтарды жоюға арналған. Біздің жеке құрам тәулігіне 24 сағаттық жауынгерлік кезекшілікте тұрады. Жауынгерлік кезекшілік барысында нөмірі бірінші дайындық пәрмені берілген кезде жеке құрам өздерінің жауынгерлік міндеттерін орындайтын жұмыс орындарына келіп, әуе кеңістігінде пайда болған ұшақтарды анықтайды. Ұшақтарды анықтау барысында олардың жылдамдығын, ара-қашықтығын анықтайды. Анықтап болған соң ол ұшақтарға байланыс сигналын жібереді. Байланыс сигналы жою аймағына кіргенше жауап қайтарылмаса біз ол ұшақтарды міндетті түрде жоямыз»,- дейді майор, дивизион командирінің орынбасары Ералы Тілеуов.

Еліміздің әуе қорғанысы сияқты ең жаңа ұшақтармен жабдықталған. Зениттік-зымырандар түрлі биіктікті қамтитын  қондырғылармен қаруланған, ал радио-техникалық басқару орталықтары түгелдей автоматтандырылған. Мұндағы техникалардың барлығы да жойқын қиратқыш күштерге ие, өте  тез жылдамдықпен алыс қашықтыққа ұша береді.

«Ұшқыштар біз ерекше ырымшыл келеміз. Сондықтан біз басында біз ұшаққа келгенде ең бірінші онымен амандасып, қал-жағдайын сұраймыз. Ұшқыштар ұшақты әркім әртүрлі есептейді. Мен мысалы, қыз ретінде қараймын. Ұшақ менің сүйіктім. Менің ұшағымның негізгі тапсырмасы жердегі құрлық әскерлеріне негізінен көмектесеміз. Осы әуедегі мысалы жылдам не болмаса баяу ұшатын ұшақтарды жоюға арналады. Белгіленген тапсырмаларға байланысты әр аптада әрқалай. Бірақ негізінен осы Қазақстандағы оңтүстік өңіріндегі негізгі әуе тапсырмаларын орындаймыз әрқашан. СУ -25 ұшағы қаруланған қазіргі кезде заманауи талаптарға сай, ең үлкен жердегі қандай да болмасын белгіленген нысандарды жоюға арналған ең үздік ұшақтардың бірі»,-дейді лейтенант, авиациялық базаның буын ұшқышы Асу Жарқын.

Барлық әскери бөлімдердегідей мұнда да таңертең  тұрғаннан кешке ұйқыға жатқанға дейін белгіленген кесте бар, тәртіп бар.   Бірақ бұл әуе шабуылынан қорғайтын құрылым болған соң, сарбаздардың, осындағы әскерилердің кәсіби дайындығы жоғары болу керек.

«Бізде оңтүстік өңірде орналасқан менің әскери бригадам 3 облыстан тұрады. Ол құпия емес, жеке роталар бар, жеке батальондар бар. Қызылордадан бастап, Жамбыл және Шымкент өңірінен нысаналарды, ұшақтарды соның бәрін қадағалаймыз. Бір суткада 400-500-ге дейін ұшақтар ұшып өтеді. Соның бәрін біз қадағалаймыз. Жыл бойынша, тәулік бойынша біз жауынгерлік кезекте тұрамыз. Егер біз бір нысананы шекарадан өткізіп жіберсек, ол нысана өзінің жұмысын атқаруы мүмкін. Қалаларды бомбалап кетуі мүмкін. Соған жол бермес үшін біз оны алдын ала байқап, ұшақтарды көтеріп не зымыранмен атып түсіру керекпіз»,- дейді полковник, 10216 әскери бөлімінің командирі Орынбасар Жұбанов.

Әскерде қанша темірдей тәртіп болса да, мәдени демалысқа, әскерилердің тынығуына да арнайы уақыт бөлінеді.  Күні бойы   биіктікте әуедегі қорғаныс бойынша тәжірибесін шыңдаған жігіттер казармада бос уақыттарын өткізіп жатыр. Бірі кітап оқиды, бірі теледидар қарап, енді бірі шабыттанып музыкалық аспапта ойнап жатыр. Ал кейбір сарбаздар үй ішімен сөйлесіп, мәз-мейрам болуда.

«Әскерге барғым келіп жүрді, бірақ банкке қарыздарым болған. Соны өтеп тастаған соң әскерге барамын деп ойлағанмын. Жаңа заң қабылданған соң барлық барлық қарыздарымды бірнеше айға тоқтатты. Соған өте қуаныштымын. Сонымен ертерек әсакерге келдім. Бұл жақсы мүмкіндік», — дейді қатардағы жауынгер Әлімжан Аманов.

Ал дивизион командирінің орынбасарының сөзінше, жауынгерлік тумен қоштасу ең ерекше әрі сәттің бірі көрінеді.

«Сарбаздардың үйіне қайтатын рәсімі жайлы айтатын болсақ, 1 жыл көлемінде бұл мерзімдік қызметке келген әскери қызметшілер, сарбаздарымыз. Бүгінгі күннің рәсімі бұл жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі. Осы сәтте жауынгерлік тумен қоштасу рәсімін атап өтіп, өздерінің қимастық сезімдерін білдіретін болады. Және өздерінің бір жыл көлемінде офицерлері мен сержанттарға шынайы жүрекпен алғыстарын білдіретін болады. Ең басты ритуалдың бірі жеп осыны айтса болады. Биыл менің қарамағымда 80-ге жуық сарбаз болды. 1 жылға жуық көлемде тәрбиелеп, бағып қағып, үйлеріне жібереміз»,- дейді аға лейтенант, артиллериялық дивизион командирінің орынбасары.

Шымкентте әуе шабуылына қарсы  қорғаныс бригадасының бір күні осылай өтеді дейді әскерилер. Ел шетіне жау келсе жан алып, жан беретін, тіпті бейбіт күнде де ел үшін аянбайтын,  су тасқыны секілді сын сағатта да жұдырықтай жұмыла кететін жауынгерлеріміз жүректі болсын!

З.Рахмет

Басқа материалдар

Back to top button