Колледждер арасында патриоттар слеті өтті

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында студенттер арасында ерекше шара өтті. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында Мақтаарал аграрлық колледжі базасында “Жас сарбаз” патриоттар слеті ұйымдастырылды. Жастардың патриоттық сезімін арттыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында Түркістан облысының Білім басқармасы ұйымдастырған іс-шараға облыстың 19 колледждің әскери-патриоттық клубтары қатысты.
Мақсат — өскелең ұрпақты жоғары азаматтық белсенділік пен патриотизмге тәрбиелеу, жеке тұлғаны және Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру болып табылады. Жарысқа Түркістан облысының білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының әдіскері К.Нармухамедова, облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының бөлім меңгерушісі О.Әбішов, Сарыағаш ауданының №60 мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Н.Орынбаев төрелік жасады.
Саийыстың бірінші кезеңінде қатысушы командалар өз оқу орындарының «Жас сарбаз» клуб жұмысын екі минуттық бейнеролик арқылы презентациялады. Екінші кезеңде Калашников автоматын жартылаи бөлшектеуден және жинақтаудан жарысты. Ал, үшінші кезеңде «Тәуелсіз Елімнің Ұланымын!» — әдеби-музыкалық аиналымға кезек берілді.
Нәтижесінде І-орынды Мақтаарал колледжінің “Жалынды жастар” әскери патриоттық клубы (ӘПК) жеңіп алса, ІІ-орын Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі және №17 колледжге бұиырды. ІІІ-орынды Кентау көпсалалы колледжі, №16 колледж және Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі иеленді.
Слеттің жабылу салтанатында қатысушылар Мақтаарал аграрлық колледжі оқушыларынан құрылған хормен бірге «Мен қазақпын» әнін бірге орындап, ерекше патриоттық рух пен сезімнің тамаша көрінісін паш етті.
А.Нәби








