Қорғаныс министірінің бірінші орынбасары Түркістанға келді
Облыс орталығында ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов өңір әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, аумақтық қорғаныс бригадасында болды.
Тараптар Үкімет қаулысымен бекітілген 2024-2028 жылдарға арналған Аумақтық қорғанысты дамыту жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылу барысын талқылады.
Әңгіме барысында өткен жылы жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының құрылуына байланысты облыста аумақтық әскерлердің инфрақұрылымдық объектілерінің салынып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, өткен жылы жүзден астам адам әскери жиындарға қатысып, қайта даярлаудан өтті.
Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Түркістан облысындағы аумақтық қорғаныс бригадасының 99210 әскери бөлімінде оның материалдық-техникалық жарақтандырылуын, сержанттық және қатардағы жауынгерлер құрамының жасақталуын тексерді.
Кездесу соңында Министрдің бірінші орынбасары бригаданың жауынгерлік әлеуетін арттыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді..
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі