Ұлттық ұлан офицері жылдың үздік жас әскери қызметшісі атанды

Шымкентте қала әкімінің «Үздік жастар – 2024» премиясының иегерлері марапатталды. Шараны Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырды.
Іс-шарада жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқаудың мақсаты — түрлі салаларда жемісті жұмыс істейтін жас мамандардықолдау, олардың жетістіктерін насихаттау, жастардың рухын көтеру және оларды елге адалқызмет етуге ынталандыру екендігі атап өтілді.
Іс-шара талантты және креативті жастардыбіріктірді. Олар жүзеге асырған көптеген жобаларШымкентте танымал. Мұнда ең үздік жас әскери қызметші, мұғалім, дәрігер, тілші, кәсіпкер, оператор, ғалым және т.б. —барлығы 20 номинация болды. Олардың әрқайсысы тәжірибе мен жетістіктермен бөлісуге дайын.
Үздік жас әскери қызметші номинациясыбойынша ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімініңофицері лейтенант Бекжан Мәлік жеңімпаз атанды. Ол марапатты Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қолынан алды.
— «Менің қуанышымда шек жоқ. Қаламыздың ең үздік жас мамандарының қатарында болу өте керемет. Бірақ бұл менің еңбегім ғана емес, отбасым мен әріптестерімнің де еңбегі», — депатап өтті Бекжан.
Естеріңізге сала кетейік, байқауға 14-35 жасаралығындағы 153 үміткерден өтінім түскен. Арнайы құрылған комиссияның шешімімен 20 азамат өз саласында үздік деп танылды. Оларға Шымкент әкімі атынан дипломдар, арнайымүсіншелер және сыйлықтар табыс етілді.
ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызмет






