Блогер Ырысбала сынықшы Бағдагүлдің ит терісін басына қаптады (Видео)

Блогер Ырысбала Икрамбай мен сынықшы Бағдагүл Лепесованың арасындағы дау күннен-күнге ушығып барады.
Tiktok әлеуметтік желісінде екеуі күн сайын бір-біріне ауыр сөздер жазып, жариялап отырады.
Даудың басы қайырымдылықтың ақшасынан басталды. Блогер Ырысбала Икрамбай халықтан қаржы жинап, мұқтаж адамдардарға көмектеседі екен. Біреулерге үй алып берген, басқа да материалдық, әлеуметтік көмек беріп жүрген көрінеді.
Арасында отбасындағы жаңалықты, дүние мүлігін көрсеткен ол сынықшы Бағдагүл Лепесованың сынына қалды. Емші келіншек Ырысбаладан қайырымдылықтан түскен қаржының есебін беруді талап етіп отыр.
«Ырысбала, сен күшті болсаң, артың таза болса, неге аузыңа келгенді атып жатсың. Шықта айт, тілің тас жарады ғой әшейінде. Құлаш-құлаш тілің бар. Не істеп, не қойдың, отчетіңді бер. Саған ойыншық па, әкеңнің ақшасы емес қой. Дұрыс халық есебін сұрауы. Сен еңбек етіп тапқан жоқсың. Халықтан жинадың, халық әрине сұрайды. Мен 10 мы ңтеңгені халықтың қолын, аяғын салып, еңбектеніп аламын. Менің өзімде отчет беремін. қалай жұмсағанымды айтып отырамын, ескертіп», деді сынықшы Бағдагүл.
Мұны естіген Ырысбалада ат қонып, Бағдагүлдің ит терісін басына қаптады. Ашуға булыққан блогер Бағдагүлдің кемшілігін айттып, мазақтап жіберді.
«Болды, айналайын. Ана «сы-сы-сы» деп қалған тілің өзіңе. Жинап ал барлығын. Шықпаймын ал, не істейсің? Мені үйімнен шығара аласың ба? Қолыңнан келе ме? Салпылдамай, жөніңе қарап ал. Ем жүргізетін адамның тұла бойы рухани таза болу керек шығар, сенікі сияқты негатив, ірің, құсыққа толмай» ,- деді Ырысбала.
А.Нәби



