Басты жаңалықтарВидеоТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Соғыс ардагеріне қамқорлық көрсетті

Қорғаныс істері басқармасының басшылығы соғыс ардагеріне қамқорлық көрсетті. Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы полковник Д.Нуржанов Түркістан облысы Сауран ауданындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Закир Мусаевтің денсаулығына байланысты  батыр атамызға мүгедектерге арналған  арбаны сыйға тартты.

Закир Мусаев 1925 жылы 1 қаңтарда Ескі Иқан ауылында дүниеге келген. Әкеcінен тоғыз жасында айырылып, 1934 жылы анасы мен қарындасына қамқор болып, колхозда істеп жүрген кезінде 1943 жылы Кеңес әскері қатарына Түркістандағы рай военкоматы арқылы шақырылады. Петропавл қаласында 44-ші полкінде қызмет жасап жүріп, сол жылы қыркүйек айында өз еркімен майданға аттанады. Қан майданда екі рет жарақат алған, біріншісі 1943 жылы 4 желтоқсан күні соғыс алаңында жарақат алып, екіншісі 1945 жылы 11 қаңтар күні Германия жерінде жараланады.

Соғыс аяқталған соң 1950 жылға дейін Германияның Дрездин қаласында МВД ғимаратында күзетші болып жұмыс істеген. 1950 жылы армиядан келіп, Каленин колхозында есепші болып жұмыс атқарып, одан әрмен XXIII партсъезі совхозы Иқан мақта пунктінде 35 жыл есепші болып қызмет атқарып, 1985 жылы 31 маусымда зейнеткерлікке шыққан.

Бүгінде 4 қыз, 1 ұлды тәрбиелеп, немере-шөбере сүйіп отырған ардагер.

А.Орынғали

 

Басқа материалдар

Back to top button