Басты жаңалықтарВидеоҚоғамЭкономика

Еліміздегі егістік алқапты түсініксіз бір қара құрт басып кетті (видео)

Алматы облысы Кеген ауданы Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Ақай Нүсіпбеков ауылында егістік пен жайылымда қарап құрт қаптап кеткен. Алқапты тып-типыл еткен жәндіктің қайдан келгені белгісіз. Жуырда ғана пайда болған.

Қазір ауылдағы шаруашалар қара құрттың кесірінен бау-бақша салып, егіндерін еге алмай отыр. Не істерін білмей абдыраған жергілікті жұрт картоп улайтын дәрі-дәрмекті сеуіп жатыр.

Жайылым мен бақша салатын аумақты қосқанда 6 мың гектер жерді отап жатқан құртты улауға әзірге қаржы қарастырылмаған.

Былтыр шегірткемен күрескен ауыл халқы биыл мына түсініксіз жәндікті құртуға биліктен көмек күтіп отыр.

А.Нәби

ВИДЕО: Әуесқой түсірілім.

 

Басқа материалдар

Back to top button