Басты жаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Шекарашылар білімдерін шыңдады

Ағымдағы жылдың 09-13 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің офицерлік құрамы біліктілік арттыру курсынан өтті.
Біліктілікті арттыру курсы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Мадияр Жумадилов пен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Айнұр Идирисова бірлесе қол қойған меморандумның негізінде жүзеге асты.
«Ұлттық қауіпсіздік органдары басшылық құрамына арналған басқару қызметінің заманауи құралдары біліктілік арттыру» деген атаумен өткізілген курстың басты мақсаты – көшбасшылық және басқару құзыреттерін дамыту, басқару мен жобалаудың қажетті теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар шекарашы офицерлер тиімді басқару мен жетілдіруге бағытталған біліктіліктерін арттыру бойынша дәрістер тыңдады.
Сондай-ақ біліктілікті арттыру курсының басты мақсаты қолданыстағы басқарудың тәжірибесі негізінде заманауи көшбасшының рөлі мен миссиясын жетілдіру, тұлғалық және кәсіби өз-өзін жетілдіру туралы түсінікті дамыта отырып, басшының көшбасшылық, менеджмент, стратегиялық жоспарлау, басқару және болжау саласындағы негізгі құзыреттерін дамытуға бағытталған.
Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының білікті мамандары дәріс жүргізді.

А.Нәби

 

Басқа материалдар

Back to top button