Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Ұландықтар референдумға белсенді қатысты

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтті.  ҚР ІІМҰлттық ұланының әскери қызметшілері де елдегі маңызды оқиғадан тыс қалған жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

6506 әскери бөлімінде орналасқан №89сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таңғысағат 6.00-де Қазақстан Республикасы Әнұранының шырқалуымен ашылып, түскедейін өз жұмысын аяқтады.

Сайлау учаскесінде барлығы 665 мерзімді әскери қызметші өз дауыстарын берді, олардыңкөпшілігі дауыс беруге алғаш қатысқан.

Қатардағы жауынгер Жұмабек Баженов тадауыс беруге өмірінде бірінші рет қатысты.

«Мен, Қазақстан азаматы ретінде, референдумда дауыс беру арқылы азаматтықборышымды орындағым келеді және осымен өзмемлекетімдегі оң өзгерістерге әсер етемін деп сенемін», деп атап өтті жас ұландық.

Айта кету керек, әскери қызметшілер туғанкүні ел үшін маңызды оқиғаға сәйкес келгенсарбазды назардан тыс қалдырған жоқ. Оғанбригада басшылығы атынан естелік сыйлықтабыс етілді.

А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button