Шахан қаласының әкімі жаңа жылға дайындықты бастады
Қарағанды облысы Шахан кентінің басшысы жаңа жылға қатты асығып жүрген секілді. Келер жылдан үміті көп әкім мерекеге ерте қамданған. Қыркүйектің 16-сы күні шырша, Аяз ата мен Ақшақар және мұз қалашығын орнатуға 4,4 млн теңге бөліп, тендер өткізіпті. Конкурсқа 11 компания түсіп, жұмысын 2,5 млн теңгеге бағалаған қатысушы ұтыпты. Ал жаңа жылға қыруар қаржы бөлген Шахан әкімдігі Республика күні, Тәуелсіздік күні секілді қастерлі мейрамдарға ақша жоқ деп қарап отыр.
«Біз енді конкурстан өтеміз ғой. Менде былтыр, өткен жылы сондай болған. Бірінші объявлять еттік. Соттасып жаңа жылды ели өткізгенбіз. Сол үшін ғой заранее уақыт болған кезде соттасып, пусть подрядчик определяется. Подрядчик вроде определился уже. Тәуелсіздік күнінде, республика күнінде қандай іс-шаралар жоспарланған. Ну басқа болды. Соңғы конкурстарымыз болған. Басқа ақша да жоқ қой жыл аяғында»,-дейді Шахан кентінің әкімі Ғалым Өмірбеков.
ФОТО: Ашық дереккөз
А.Орынғали