Астаналықтар, үйден шықпаңыздар!
Елорда әкімі Әсет Исекешев ауа райының бұзылуына байланысты осындай кеңес беруде. Бұл туралы қала басшысы Фейсбук парақшасына жазды.
«Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары! Ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында көшеде барынша абай болуды сұраймыз. Аса қажеттілік болмаса, мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес береміз. Бұрқасын жел болған жағдайда далада қалған болсаңыз, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңыз қажет», деген әлеуметтік желідегі хабарламада.
Ал қазір Астанада төтенше жағдай жарияланды.
Төтенше жағдайлар департаменті кез келген жағдайда 112 нөміріне хабарласуды сұрайды. Дәл қазір қаладағы барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде.
Ал Қазгидрометтің кешегі хабарламасы бойынша, Елордадағы қар бұрқасыны 3 күнге созылады. Синоптиктердің болжамынша, боранның беті 12 қаңтарда қайта бастайды.