АймақБасты жаңалықтарВидеоҚоғам

Ақтөбе әкімдігінің қызметкерлері жұмыстарына оралды

Бұл туралы Ақтөбе облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Байнешов мәлімдеді.

Түске дейін әкімдік қызметкерлері онлайн форматта жұмыс істеген.  Себебі, өрт сөндіру жұмыстары кезінде электр энергиясы толық өшірілген. Ал сағат  13:30-дан бастап жұмыс орындарына оралуына рұқсат беріліпті. Жалпы ғимараттың іші таза. Тек 5 қабаттағы кейбір кабинеттер мен 6 қабатта бүлінген жерлер бар.

Әлібек Байнешовтің сөзінше, облыс әкімдігінің ғимаратына 2022 жылы ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал 2024 жылы шатырда ағымдық жөндеу болған.

-Кешегі төтенше жағдай кезінде халыққа ашық әрі нақты ақпаратты жариялап, жеткізгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Бұл жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында. Дәл қазіргі уақытта жедел штаб өзінің жұмысын жалғастыруда,-деді Ішкі саясат басқармасының басшысы.

Еске салайық, кешеғ 7 сәуір кешкі сағат 8-ден аса облыс әкімі ғимаратының  төбесі өртенді. 21:52-де өрт толық өшірілген. Тілсіз жау 300 шаршы метр жерді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Адам аман. Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалын электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанғанға ұқсайды.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

 

Басқа материалдар

Back to top button