Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады
3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өтпек. Осы шара барысында әскерилер жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға барады. Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатын болады.
Осыған байланысты, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техникалардың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.
ұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
А.Нәби