Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Пітір садақа жан басына 735 теңге деп оны кім шығарды?

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі, asem.bokenbai өзінің парақшасында осындай мәселені қозғаған. Ол батаға барған кезде төрде отырған молда  Оразаның кестесін таратқан. Намаз бен ауыз бекіту, ауызашар уақыты жазылған парақтың төменгі жағындағы пітін садақа туралы ақпаратты көрген Әсем Бөкенбай 735 теңгенің қалай есептелетінін сұрап, видео жариялапты.

Желі қолданушысы кестеде  тіпті бірнеше банктың атаулары жазылғанын да айтыпты. Сондай-ақ, автор пітір садақаны мешіттен гөрі жағдайы төмен отбасыларға беру қажетігін көтерді.

 

Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептеледі. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталған. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады екен.

2026 жылғы пітір садақаның бағасы нарықтық орташа бағасымен есептеліп төмендегідей бекітілді:

Бидай 2 кг – 318 теңге.

Ұн 2 кг – 735 теңге.

Арпа 4 кг – 514 теңге.

Мейіз 2 кг – 6400 теңге.

Құрма 4 кг – 12400 теңге.

Қазіргі таңда бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаның құнын ұнмен есептеуді негізге алады. Өйткені шариғатта бидаймен қатар оның өнімдерімен де пітір садақа беруге рұқсат етіледі, делінген ҚМБД сайындағы ақпаратта.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button