Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Танымал өнер жұлдызы сынықшы Бағдагүлге өлең шығарды

Қолын ауыртып сынықшы Бағдагүлге барған актер, ақын, сазгер Орал-Қосай Байсеңгір емші келіншекке риза болып, өлең арнады.

Себебі, Бағдагүл Лепесованы әлеуметтік желідегі айтқан сөздері үшін әлдекімдер сотқа берген еді.  Алғашқы сот отырыстарының өткенін сынықшының өзі де парақшасына жариялады.

Ал танымал өнер жұлдызы мен сынықшы Бағдагүл бір-бірін бұрыннан танитыны байқалады. Екеуі де ақтөбелік.

ДЕСЕМ БОЛА МА?
…Кім екен Бағдагүлді “жаман” деген,
Жымырып жүрмей ме екен адам деген!
Бағдаштың татқан дәмін, жеген нанын
Бәрінен басқалардың адал көрем!

Шыққан қол, сынған аяқ, тайған тобық
Орынына салады “жонып-жонып”
Шақырып әруағын күбірлейді
Тіріліп кетер сосын, жатқан “өліп”))

Көмегін аямайды дос-туыстан,
Жанынан кете алмайды бір жуысқан
Ақты ақ деп, қараны қара дейтін
Бәсі артық Бағдагүлдің көп коучтан!

Орал-Қосай Байсеңгір.

А. Нәби

ФОТО: Бағдагүл Лепесованың парақшасынан

Басқа материалдар

Back to top button