Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Жас сарбаз Түркістанның мақтанышына айналды

Биыл Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл.  Тарихи тұлғаның есімін иемденген Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығы сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі батырдың   мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Салтанатты шара Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне тағзым етумен басталды.  Одан соң жас сарбаздар әскенр ант берді. Іс-шараға әскери  жоғары білім ордасы мен оқу-жаттығу орталығының басшылығы, оқытушылар мен нұсқаушылар, әскерге жаңа келгендердің туған-туыстары да  қатысты. Көктемгі шақырылым тұсында азаматтық борышын өтеуге аттанған 46 жігіт Отанға және Қазақстан халқына адал болуға ант берді. Жас жауынгерлерді осындай айтулы күнмен институт басшылығы мен олардың туыстары құттықтады.

– Бүгін – маңызды күн. Мұндай оқиға әскери қызметшінің өмірінде бір-ақ рет болады. Отанға қызмет ету үшін әскерге өз еркіммен келдім. Бұл әр адамның борышы деп санаймын, – деді Түркістан облысынан әскерге шақырылған сарбаз Оспан Ерғали.

Жас сарбаздар бір айлық қызмет барысында   жауынгерлік өмірдің әліппесін үйреніп,  жалпы әскери жарғыларды, қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын біліп, саптық, атыс және дене шынықтыру дайындығынан өтті.

Салтанатты шарадан соң, оқу орнының  басшылығы мен өкілдері   ата-аналармен әңгімелесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Келген қонақтарды әскери қызметтің шарттармен таныстырып, оларға оқу аудиторияларын, казарма мен асхананы көрсетті.

А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button