Басты жаңалықтар
Елордада карантин режимі жалғасады
11 мамырдан кейін де Нұр-Сұлтан қаласы карантин режимінде өмір сүре береді, деп хабарлайды jurnalist.kz қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаеваға сілтеме жасап.
«11 мамыр күні елорда бұрынғыдай карантин режимінде өмір сүре береді. Себебі карантин әлі алынған жоқ. Бұл дегеніміз — рұқсат берілген кәсіпорындар ғана жұмысын бастайды. Блокпостар алынбайды және 11 мамырда қоғамдық көлік іске қосылмайды», — деді А.Олжабаева. Еске салайық, бұған дейін желіде 11 мамырдан бастап карантин режимі жұмсаратыны туралы ақпарат тараған еді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы бұл хабарламаның шындыққа жанаспайтынын айтып, халықтың жалған ақпаратқа сенбеуін өтінген болатын.