Мұхтар Шаханов қазақ қызын алған бразилиялыққа бата берді
Азулы ақын Мұхтар Шаханов қазақ қызына үйленген бразилиялық спортшыға бата беріпті. Мұны «Naiza» промоушенінде жұдырықтасатын аралас жекпе-жек шебері Дуглас Пума әлеуметтік желідегі парақшасына салған. Және шетелдік күйеубала постын қазақша жазған.
«Бүгін жұбайымның үйінде өткен мерекелік кеште мен Қазақстаннан шыққан аңыз ақын, легенда адам Мұхтар Шахановты көрдім. Ол кісімен сұхбаттасу мен үшін үлкен мақтаныш және қуаныш. Маған және менің әйеліме айтқан әрбір тілегіңізге, ниетіңізге алғыс білдіремін. Бұл кездесу мен үшін мақтаныш! Өмірімдегі барлық жақсы күндерім үшін Аллаға сансыз шүкіршіліктер айтамын. Аңыз адаммен бір естелік видео болсын. Мұхтар ағаның тілегі мен әзілін видеодан көре аласыздар», — деді Дуглас Пума dhouglas_puma.
29 жастағы бразилиялық Дуглас Пума Шавкат Рахмоновтың шеберлігіне қарап, Қазақстандағы ММА мектебінің мықты екенін мойындап, біздің елге ауысқан еді. Көп кешікпей ол қазақ қызына ғашық болып, 2023 жылдың желтоқсанында үйленді.
А.Нәби
ФОТО/ВИДЕО: dhouglas_puma парақшасынан алынды