Басты жаңалықтарҚоғамСаясат

Amanat «Әділет» партиясына қосылды

Астанада өткен Amanat партиясының кезекті съезінде саяси ұйымның мүшелері осындай шешімге келгендерін жариялады.

-Мемлекетшіл күштердің барлығының жұдырықтай жұмылғанын қалаймыз. Президент бір тудың астында бірігу туралы айтқанының өзінің символикалық мәні бар деп ойлаймын. Сол үндеуді қабыл алып, сонымен қатар, жаңадан құрылған әділет партиясы бар, басқа да саяси күштер бар, барлығымыздың иделогиямыз да құндылықтарымыз да идеяларымыз да бар. Тіпті біздің платформамыз да бірдей, дауыс беретін электоратымыз да бір.  Итерісіп жүрмей иық тіресіп жұмыс істейік деп осындай шешімге келдік,-деді «AMANAT» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов.

 

1999 жылы «Отан» Республикалық саяси партиясы атауымен құрылған бірлестік, тарихында бірнеше рет ребрендингті бастан өткерді. 2006 жылы «Асармен» біріккен соң атауы «Нұр Отан» ХДП болып өзгертілді. Уақыт өте келе жай ғана «Нұр Отан» партиясы деп қысқарды. Ал 2022 жылы атауы түбегейлі жаңарып, «Аманат» партиясы болып бекітілген еді.

Партия осы уақытқа дейін тек саяси мінберде ғана емес, елдің әлеуметтік мәселесін көтерген нақты жобаларымен де танылды. Мәселен, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында тұрғындарға 2,5 пайызбен несие беріліп, ауылдағы ағайынның өз кәсібін дөңгелетуіне жол ашылды. Ал «Қарызсыз қоғам» жобасы мыңдаған азаматтың қаржылық сауатын арттырып, несие қамытынан құтылудың тиімді тетігіне айналды. Мұнымен қоса, «Жер аманаты» арқылы миллиондаған гектар жайылым халыққа қайтарылып, «Кедергісіз келешек» сияқты жобалар аясында әлеуметтік қолдау шаралары үздіксіз жүргізілді. Депутаттар саяси ұйым қоғам алдындағы міндетін абыроймен орындады деп санайды.

Ал қос саяси құрылым біріккеннен кейін атауы қандай болатыны «Әділет» партиясының алдағы съезінде белгілі болады.

А.Нәби

ФОТО: ulysmedia.kz

 

Басқа материалдар

Back to top button