Саясат

Пан Ги Мун Қазақстанға келгенде көзіне жас алды

Ассамблеяның жұмысын көруге келгенде Пан Ги Мун көзіне жас алыпты. Біраз жыл Қазақстан халқы Ассамблеясын басқарған  Ералы Тоғжанов түрлі естеліктерімен бөлісті. Оның сөзінше, Пан Ги Мун Қазақстандағы корей орталығына барғанда 1934 жылы шыққан газетті көргенде, көңілі босапты. Ол газет қазір Кореяда жоқ екен.

Ассамблеяның 30 жылдығына орай өзі басқарған жылдардағы қиындықтар мен қызықтарды айтқан Ералы Тоғжанов Қазақстаннан көшіп кеткен өзге ұлт өкілдерінің туған жерге деген махаббатын мысалға келтірді. Германияда тұратын немістер Алматы облысындағы туған ауылдарына қаржылау қолдау көрсеткен.

А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button