Басты жаңалықтарВидеоҚоғам
Дана Нұржігіт “базардағы әпербақан мінез” деген сөзі үшін сынға қалды

Әлеуметтік желіде сынықшы Бағдагүл Лепесова туралы пікір айтамын деп тележүргізуші Дана Нұржігіт сынның астында қалды.
Ол Бағдагүлдің Баян Мақсатқызы мен Динара Сәтжан туралы постын талдап, біреудің жеке басына тиісуінің заңсыз екенін айтып, әлеуметтік желідегі осындай бейнежазбаларға құқықтық баға берілу қажеттігін көтерген. Алайда сөзінің соңында Дана Нұржігіттің “базардағы әпербақан мінезді қою керек” дегені халыққа ұнамай қалды. Парақшасындағы постың астында желі қолданушылары өз ойларын жазып, Данаға реніштерін білдіріп жатыр.


А. Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



