Басты жаңалықтарҚоғам
Димаштың әкесі Қанат Айтбаев Forte bankке қатты ашуланды
Өнер иесі мемлекеттік тілге немқұрайлы қараған Forte bankтің талабына қатты ызаланды. Қанат Айтбаев бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.
Бос жұмыс орындарына кадр іздеген банк қойылатын талаптардың тізімінде «Қазақ тілін білу міндетті емес» деп көрсеткен. Бұл ақпарат қоғамды дүр сілкіндірді. Әлеуметтік желіге посттар салынып жатыр.
Белгілі журналист Гүлбану Әниятқызы мемлекеттік тілді мазақ еткені үшін балаларына жәрдемақы алып жүрген форте банктің қызметінен бас тартатынын жазды.
А.Орынғали
ФОТО: Әлеуметтік желідегі парақшалардан алынды