Басты жаңалықтарЭкономика

Сағынтаев сөгіс жариялады

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады.  Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Ұлттық экономика министрлігінің Монополияға қарсы комитеттің оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын тәртіпке келтіруін қолдаймын. Оған қосымша мәлімет ретінде менің Өкімімен Ұлттық экономика вице-министрі, яғни осы саланың кураторы Серік Жұманғаринге  сөгіс жарияланды», — деді Б. Сағынтаев Үкімет отырысында.

Ал өткен аптада Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында  электр және жылу энергияларының қолданыстағы тарифі мен энергетикалық қызмет нарығындағы бағасы мәселесі қаралды. Жиында  Нұрсұлтан Назарбаев ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жариялады.

 

 

Басқа материалдар

Back to top button