Басты жаңалықтарҚоғам

Бала қаққан автобус жүргізушісі тайраңдап жүр

Қызымды автобуспен қағып кеткен жүргізуші бостандықта тайраңдап жүр! Семейлік жас ана алты жасар қызының өліміне кінәлі адамның жазаға тартылмағанына наразы. Тіпті, саяжайға қатынайтын қоғамдық көлікті тізгіндеп, көзіме күйік болды деп ашулы. Әйтпесе, ел-жұрттың бәрі дәл сол жүргізушінің марқұм Дильназды соғып өлтіргеніне сотта куәгерлік етіпті. Алайда, тыңдалымнан соң, үкім оқылмады, дейді. Жеті айдан бері кінәлілер анықталмай, бүтін бір ауыл автобусқа отырудан үрейленіп қалған. Бұл туралы «Евразия» телеанасы хабарлады.

Жеті айдан бері өзегін өртенген өкінішті қызының бейітіне барып басатын ана бүгін тағы келді. Бірінші сыныпқа жетектеп апарар уақытта қабіріне қатынап, құран оқытып жүрмін деп жылауда. Былтыр жазда аулада ойнап жүрген баламды қоғамдық көлік қағып кетті, дейді. Арада жеті ай өтсе де, ол жауапқа тартылмаған. Керісінше, сол жүргізуші дәл сол автобусты тізгіндеп, өзімді қорқытады деп ашулы.

НАЗЕРКЕ КҮЛСЕЙІТОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:»Абылқасымов Фархад деген кісі за рулем до сих пор находится. Түк те іс қозғалған жоқ. қалай жүреді ол? Бала өлтірді ғой ол. Жәй ғана нәрсе емес, бала».

Бабровка саяжайына бар жоғы екі-ақ автобус қатынайды. Белгіленген жол болмағандықтан, «қайдан құлақ шығарса қазаншының өз еркі» деп өздеріне ыңғайлы жермен жүреді, дейді тұрғындар. Тіпті, бір емес, бірнеше бала қоғамдық көлік астына түскенін айтады. Ал, марқұм Дильназды соққан жүргізушіні көргендерінде төбе шаштары тік тұратынын айтады.

ДӘУЛЕТ МАМЫРБЕКОВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Міне осы жерде көрген балалар солар 48 автобусқа отырмайды. Кісі өлтірген адам әлі жүргізеді деп. Осылардың көзіне көрсетпей қоятын жағдай жоқ па?»

Ал, автобпарк өкілдері жүргізушінің кінәсіз екені дәлелденгенін алға тартты. Яғни, бүлдіршінді қағып кеткен азамат тергеуден соң босатылған. Оның көлік жүргізуіне шектеу де қоймапты. Сондықтан, жазатайым болған жағдай деп қайта жұмысқа қабылдағандарын айтады.

СВЕТЛАНА БЛЕКО, «АВТОМЕГДИ» ЖШС КАДР БӨЛІМІНІҢ МАНАНЫ:»Сараптама нәтижелері шыққан соң, ол жүргізуші өз жұмысына қайта келді. Әрине, оны жұмыстан босататындай еш құқымыз жоқ. Ол кінәлі емес. Қайта, №48 автобустан, №20 автобус бағыта ауыстырдық. Осы қайғыдан қан жұтып отырған отбасына ауыр болмасын деп».

Ал, саяжай жұрты көршілерінің қабырғасын қайыстырып зар жылатқан жүргізушіні мүлдем көргісі келмейді. Қызынан айырылған ана да әділдік іздеп жүр. Баршаға ортақ заң шалғайда орындалмай ма күмәнданады. Енді қандай сараптама жасалса да бәрібір перзентінің өліміне себепкер болған адам жазалан алса, дейді.

 

Басқа материалдар

Back to top button