Ашынған тұрғындар КСК өкілдерін жағасын алды (видео)
Коммуналдық шаруашылық қызметкерлері жертөлемізді жын-ойнақтың ордасына айналдырып жіберді. Астанадағы «Шаңырақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Жұрттың айтуынша, үйде жалға берілмеген қабырға қалмапты. Пәтер иелері кооперативі жертөледен бастап, техникалық қабатты да кәсіпкерлерге тапсырып тастаған. Пайдасын да өздері көріп отыр. Үй болса қараусыз.Бұл туралы «Евразия» арнасы хабарлады.
Коммуналдық шаруашылық қызметкері мен тұрғындардың текетіресі бұл! Бірі ай сайын пәтер иелері кооперативіне не үшін ақша төлеп отырғанын түсінбей дал, екіншісі оған жауап беруге құлықсыз.
— Убери руки!
-Говори тебе слово дают!
Шаңырақтықтардың шырғалаңы осымен 8 сегіз жыл қатарынан жалғасып келеді. Өйткені…
» Пол жуылмайды, ремонт істелінбейді. Подвалдың барлығын осы кісілер сдавать етеді екен. 100 мың-180 мыңға кәсіпкерлерге тапсырып жатыр».
Тұрғындар бізге тіпті, шағын экскурсия ұйымдастырудан да тайынбады. Белгілі болғандай тұрғын үйдің жертөлесінде расымен де қонақ үй бар екен.
«Бұл жерге адамдар бір түнге келеді. Притон ғой. Үйімізді гостиница қылып жіберген ғой.
Тілші: Бұдан бөлек, бала-бақша, квест, жарнама агенттігі,электр қуатын үйден алып әрі сол үшін көк тиын де төлемейтін дөңгелек жөндейтін орны тағы бар. Мәселе осымен шектелсе қане.Үйдің кейпіне де көңіл толмайды. Тапсырылғалы жөндеу көрмеген. Баспалдақтары мүжіліп, қасбеттері құлап жатыр».
АЙДАНА ҮСЕНБАЙ, ТІЛШІ:»Былай тұрсаң жер үй. Ал, былай бұрылсаң тұрғын үй. Осы күнге дейін проблемалы үйлер туралы талай материал әзірледік. Мынадайды көруім алғаш. Тұрғын үймен, жер үй тоғысып жатыр. Ол аздай жер үйдің нәжісі құлап қалған. Ал, балконға шыққан тұрғындар осы ауамен тыныстайды».
Есесіне әр тұрғын ай сайын тұрақты түрде үйдің жөндеу жұмыстарына деп ашылған жинақтаушы қорға ақша өткізіп отыр.
«Айына 3 мың 130 тг төлейміз.Сонда жылына орта есеппен 2 жарым миллион теңгеге жуық осы үйтұрғындарынан ақша жинақталады».
Алайда, жауапты мамандар бұл мәселеге бас қатырып жатқан жоқ көрінеді. Көрерменге обьективті ақпар беру мақсатында біз оларды сөзге тарттық. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берудің орнына олар біздің өзімізді тергеудің астына алды.
Қалай болған күнде де, аталған проблемалардан әбден мезі болған тұрғындардың айтары бір. Жұрт мәселе шешілмегенше, бір адым да артқа шегінбейміз деп бекініп отыр.