Басты жаңалықтарҚоғамСаясат

«Референдум-2026» онлайн-марафоны өтіп жатыр

14 ақпан, яғни сенбі күні «Референдум-2026» атты онлайн-марафоны өтеді.  Ата Заңның болашағына арналған  іс-шара 6 сағатқа жоспарланған.

Онлайн-марафон сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook желісіндегі платформалары арқылы трансляцияланады.

Марафон аясында 100-ге жуық сарапшы, заңгер, қоғам белсендісі мен мемлекет қайраткерлері сөз сөйлейді.

Онда  Конституциялық комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар және азаматтық белсенділер пікір алмасу алаңында бас қосады. Конституциялық өзгерістерді жан-жақты түсіндірмек.

айта кетейік, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.

А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button