АЙМАҚАқжайық ауданыБасты жаңалықтарБөрлі ауданыВидеоКазталов ауданыҚаратөбе ауданыОралСырым ауданыТеректі ауданы

Тасқында қырылған мал есепте болмаса да шығыны елдің айтқан есебімен төлену керек (видео)

Мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев осылай деп премьер-министр Олжас Бектеновтың атына  депутаттық сауал жолдады.    Тасқыннан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына арнайы барған халық қалаулысы өңірдегі ахуал бойынша бірқатар мәселені  көтерді.

Депутаттың айтуынша, 2008 жылы Теректі ауданындағы Рыбцех ауылында жер сілкінісі болып, ондаған үй қираған. Сол кезде баспанасыз қалғандарды көрші Аңқаты ауылына көшірген. Ал биыл Аңқатыдағы үйлері су астында қалғандар кезінде  Рыбцехтан келген тұрғындар екен. Демек, 2008 жылы  облыс басшығылы жер сілкінісінен зардап шеккендерге су жиналатын жерге баспана салып берген. Айта кетейік, 2008 жылы Батыс Қазақстан облысында Бақтықожа Ізмұхамбетов әкім болды. Қазір ол да Мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ, Нартай Сәрсенғалиев  өңірде билік өкілдеріне халықтың сенімі азайғанын айтты. Сондықтан  «тегіне, лауазымына қарамай, жауапты мемлекеттік қызметкерлерді қатаң жазалау керек» дейді.

Депутат малынан айырылған ағайынның жанайқайын  да жеткізді.  Жергілікті тұрғындар су астында қалған төрт түліктің кейбірі есепке алынбаған ашық айтыпты. Мәселен, биыл туған төлдер.  Аймақтағы билік өкілдері «есепке алынбады дегенді желеу етпей», елдің сөзіне сеніп, малдың шығын өтеу керек деген бастаманы   ұсынды.

Тағы бір мәселе, тасқыннан баспанасыз қалғандардың арасында «Ауыл аманаты», «Дипломмен ауылға» секілді бағдарлама арқылы   үй алғандар бар.  Солардың  несиесін тоқтату қажет деді.

А.Орынғалиұлы

ФОТО: Ашық дереккөз

ВИДЕО: nartay_aralbayuli парақшасынан алынды

Басқа материалдар

Back to top button