Басты жаңалықтарҚоғам

Депутаттар коммунистік идеологияны аңсап жүр ме?

Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды. Тәуелсіздік деп ұрандап жүргендердің көбі әлі күнге дейін келмеске кеткен коммунистік идеологияны аңсайды екен. Кеше, Алматыда экс-комсомолдықтар жиналып, Бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағының 100 жылдығын атап өтті. Қып-қызыл сахнаға шығып ұрандағандар арасында Парламент депутаттары да бар. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

Ностальгия. Кеше, Алматыға жиналған комсомолдарда дәл осылай бір рахаттанып қалды. Комсомол ұйымының шекпенінен шыққан Иманғали Тасмағамбетов те келіпті Мәскеуден. Парламент депутаттары да жүр.  Лениншіл жастардың атынан Қуаныш Сұлтанов сөз сөйледі.

ҚУАНЫШ СҰЛТАНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:»Менің 15 жыл өмірім тікелей комсомолға байланысты. Сондықтан мен комсомолдағы қызметім үшін ұялатын, қысылатын, қызаратын еш нәрсем жоқ, керісінше, өстім өз қаталарымдыв адамдарды жетелей жүріп, өзім үйрендім. Кеңес одағының тұсында ашаршылық болды. Оған комсомол кінәлі емес. Олар жас балалар сіздер сияқты. Кеңес одағының тұсында ашаршылық болды. Оған комсомол кінәлі емес. Олар жас балалар сіздер сияқты. Әке шешелеріңіздей адамдар тапсырма берді, заман солай болды. Сондықтан тарихты беталды күстаналай беруге болмайды».

Иә, октябрят, пионер, комсомол деген ұғымдар аға буын өкілдеріне жақсы таныс. Кеңес Одағы кезінде жастар тәрбиесінің идеологиясы осы жүйемен жүретін. Комсомолға өту абырой, одан шығу ұят болатын. Үздік комсомолдар кейін, партия қатарына өтіп, елдің саяси әлеуметтік өміріне араласатын.

 

ЛЕЙЛА ТӨЛЕУҒАЛИЕВА,  ҚАЗАҚСТАН КОММУНИСТІК ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ:»Комсомолдың 100 жылдығын атап өту кезінде комсомол тарихында бірінші хатшы болған қазіргі үлкен ағаларымыздың идеясы деп айтсам болады. Біздің партия бұл шараның тікелей ұйымдастырушысы болмағандықтан қанша қаржы жұмсалғанын айта алмаймын».

Кешелі бері әлеуметтік желідегілер Алматыда өткен концерттің суреттерін көріп даурығып жатса, Комсомол ұйымының 100 жылдығын тойлау әлдеқашан басталып кетіпті елімізде.  Автошеру ұйымдастырып бірін-бірі марапаттапты.

Қанша ұрандағанымен, комсомолдардан ту ұстайтын ешкім қалмапты. Келмеске кеткен коммунистік партияның жалауын  қазақстандық сарбаздар көтеріп тұр.

ӘМІРЖАН ҚОСАНОВ — САЯСАТТАНУШЫ:»100 жылдық датасы ол той томалақ емес, келелі кеңеске, бір ғасыр ішінде Қазақстан тарихында осы ұйымның орны, тек жақсылықтарды емес, ашаршылық, сталиндік қуғындарға осы ұйымның қандай қатысы болды соны айту керек».

Тарихты өшіре алмайсың. Бірақ  тәуелсіз ел болып, рухани жаңғыру арқылы ұлттық құндылықтарды түгендеп жатқанда, келмеске кеткен бүкілодақтық жастардың,  комсомол ұйымының 100 жылдығын тойлаудың қандай қажеттілігі бар деген сұрақ қоғамды мазалайды.

Басқа материалдар

Back to top button