Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Алматылық кәсіпкер оразада 15 курьерді алдап соқты (видео)

Рамазан айында сауап жинау үшін тек тума — туыс, дос — жаранды ғана ауызашарға шақыру міндетті емес. Бейтаныс жандарды да үйіңе кіргізіп, дастарханнан дәм татқызуға болады.

Таң алдында бас — аяғы 15 курьерді жинап, үйінде сәресін берген алматылық кәсіпкер желідегі жұрттың алғысын алды. Алмасбек Батыров бірнеше мейрамханадан ас — суға әдейі тапсырыс беріп, тамақ тасып жүрген жігіттерді бір дастархан басына жинапты. Қызметі үшін бөлек ақша, жеке өздеріне тағы 5000 теңгеден ұстатқан жомарт жан жастардың еңбегіне рахметін айтып, істеріне береке тілеген. Видеоны көрген бұқара бизнесменнің бұл әрекеті көпке үлгі екенін жарыса жазыпты.

Басқа материалдар

Back to top button