Басты жаңалықтарСаясат
Қазақстан Президенті Оман сұлтанымен сөйлесті

Таяу шығыстағы шиелініске байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев — Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Оман халқына тілектес екенін жеткізіп, бұл текетіреске қатыспаған елдерге алаңдаушылық білдірді. Сондықтан, жағдайды одан әрі ушықтырмай, дипломатиялық келісімге келу керектігін айтты. Сондай-ақ, президент Оман басшысына еліміздің азаматтарын қақтығыс аймағынан шығаруға көмектескені үшін ризашылығын білдірді. Ал Хайсам бен Тариқ президенттің шынайы қолдауына алғыс айтып, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.
ФОТО: akorda.kz



