Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Түркістан облысында әскери-патриоттық тәрбие мәселесі қаралды

Түркістан облысында азаматтарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу мәселелері қаралған мәжіліс өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың қатысуымен өткен жиында әскерге шақыру науқанына дайындық жұмыстарының барысы, жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу жұмысының тиімділігі және алдағы жоспарлар талқыланды. Мәжіліске бейне-селекторлық байланыс арқылы аудан, қала әкімдері қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша олыстың қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Қ. Кулумбаев, Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің орынбасарлары Б.Ахметов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның басшысы Е.Бектаев, аудан әкімдерінің орынбасарлары баяндама жасады. Облыс әкімінің орынбасары жұмысты нашар ұйымдастырған аудан, қалалардағы жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, өңірде әскерге шақыру науқаны бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру керектігін жеткізді.
– Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Сондықтан жастарға Отан алдындағы парызды түсіндіріп, жігерлендірген жөн. Аудан, қала әкімдері мен жауапты басшылар патриоттық бағыттағы идеологиялық жұмыстарды жандандыру, әскерге аттану науқанын сапалы жүзеге асырып, жауапкершілікпен қараулары тиіс. Жұмысты бірлесе жандандырыңыздар. Осыған байланысты өз тараптарыңыздан ұсыныс беріңіздер, – деген облыс әкімінің орынбасары жастарға әскери борышын өтегендер үшін жоғары оқу орнына түсудегі және өзге де жеңілдіктер туралы түсіндіру керектігін айтты.
Басқосуда ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Жиынды қорытындылай келе облыс әкімінің орынбасары шақыру науқанын сапалы ұйымдастырып, жастарды отаршылдыққа баулитын іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру жөнінде тапсырма берді.
А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button