Басты жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова хиджаб киіп, тұрмысқа шықты

Бұл туралы эстрада әншісі, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы шығармашылық қызметінің басшысы Мөлдір Әуелбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. «Ал, халқым! Қасиетті Рамазан айында Алланың қалауымен екі дүркін орамалды болдым! Әлхамдулиллах! Құтты болсын!»,-деді.

Әнші парақшасына осыған дейін жариялаған фотосуреттері мен жазбаларын өшіріп тастаған. Жаңа өмір бастаған ол желіге хиджабпен түскен суреттерін жүктей бастапты. Еске салайық, эстрада жұлдызының алғашқы некесінен бір ұлы бар. 

Басқа материалдар

Back to top button