Басты жаңалықтарҚоғам

Ауылға кірген аю әлі ұстатпай жүр

Жетісу облысы Сарыөзек ауылына кірген аюды ел-жұрт әлі іздеп жүр. Ауыл арасымен жүгірген жыртқыштың видеосы көпшілікті елеңдетіп қойды. Аюдың баласын қызықтап қуған жүргізуіші барлығын таспаға түсірген. Дегенмен тар көшелермен қашқан қонжық ізін суытып үлгеріпті. Кейін әлем желіде «аю өлтірілді» деген сипаттағы суреттер тарады. Алайда Кербұлақ ауданы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Билік өкілдері тұрғындарды дүрлікпеуге шақырып, жануарды байқаған жағдайда мамандарға хабар беру керегін ескертті. Қазір қонжықты іздеуге табиғатты қорғау полициясы, төтенше жағдайлар қызметі қоса кіріскен.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button