ВидеоСпортТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнирдің қорытындысы шықты

Қаңтардың 26-28-і аралығында Олимпик орталық стадионында өткен, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған «Bekzat CUP» шағын футболдан турнирінде облыстың әр аудан, қалаларынан 26 команда бақ сынады.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды «Zholdyn Asty» командасы, екінші орынды «Yassi gorod» командасы, үшінші орынды «Niet» командасы қанжығасына байлады. Турнирдің жүлде қоры да қомақты болды: бірінші орынға 500 мың теңге, екінші орынға 300 мың теңге, үшінші орынға 100 мың теңге табысталды. Олимпиада чемпионының туыстары мен достары демеуші болды.

Бұл шара спорттық рухтың көрінісі ғана емес, көрнекті спортшы Бекзат Саттархановтың мұрасын мәңгілік ету.

А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button