Роза Рымбаева «сахнаға дірілдеп, қалшылдап шығады» деп Бибігүл Төлегенованы меңзеді ме?

Qazaqstan ұлттық арнасындағы «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берген Роза Рымбаева сахнаға бүкірейіп, дірілдеп, қалшылап шығатын әншілерді сынға алып, «уақытында кеткен дұрыс» деп кесіп айтты.
-Уақытында сахнадан кеткен дұрыс қой. Дірілдеп, қалшылдап, бүкірейіп, өйтіп шығудың не керегі бар. Сен өзіңнің уақытында кетсең, сен сол деңгеймен қаласың халықтың, көрерменнің алдында. сол келбетіңмен қаласың. Не дауыс жоқ, не түр жоқ, шығудың керегі бар ма? біздің кейбір әртістеріміз солай шыққан кезде мен «бекерге осы түрін көрсетті деп айтам» деді эстрада жұлдызы.
«Мен өзіме сынмен қарайтын әншімін» деген Роза Рымбаева дауысым онша шықпай жүрсе, уақытында сахнадан кетемін деді. Биыл 69 жасқа толатын әнші Қазақстанды аралап, сахнада жүрген 50 жылдығын тойлауда.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары Розаның бұл сөзін сан-саққа жорып, «Бибігүл Төлегенованы айтып отырма» деген пікірлерін жасырмады.
Себебі,Бибігүл Төлегенова былтыр 95 жылдық мерейтойына арналған концерттерде сахнада ән салған еді.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



