Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

ЕНДІ АТА МЕН ӘЖЕ ДЕ НЕМЕРЕГЕ АЛИМЕНТ ТӨЛЕЙДІ (видео)

Балаңыздың әкесі алимент төлеуден әлі қашып жүр ме? Олай болса, назар салыңыз! Енді елімізде алиментті әкесінің орнына ата-әжесі төлейді. Тек экс-келіні ерінбей барып арыз жазса болғаны. Қылдай қағаз қарияларды сотқа сүйреуге қауқарлы. Жамбылдағы Әділет департаменті баласына бір тиын бергісі келмейтін еркектерге қатысты ерекше жобаны қолға алды. Олар алиментті баланың әкесінің әкесіне әкесін танытып тұрып төлетпек. Ал жетпей жатса немересі үшін әжесінен аламыз дейді. Мұндай қадамға баласынан безген борышкер көбейгендіктен барған. Жуырда ғана бір үйден екі зейнеткерге қатысты іс қаралып, сотпен өндіріпті. Былтыр облыстағы 17 мың борышкердің бар болғаны 900-і төлеген. Ал қалған 16 мыңнан астам әке өз баласына 1 млрд 200 млн теңге қарыз. Айта кетейік, аймақта алимент төлемей жасырынып жүрген 127 әке бар

Видео: «Евразия» телеарнасынан алынды

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button