Басты жаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫЭкономика

Маусымына 3 мың тонна жеміс-жидек өңдейтін кәсіпорын ашылады

Түркістан облысында осындай нысанның құрылысы басталды. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, әл-ауқатын арттыру  тапсырмасына сай, Түлкібас ауданында игі бастамалар қолға алынған.

Мичурин ауылдық округіндегі «Түлкібас жеміс-жидектері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі соның айғағы. Кооператив  аудан әкімдігінің қолдауымен биыл 1 млрд. 100 млн. теңгеге жеміс-жидекті өңдеу жобасын іске асырып жатыр.

 Аумағы 2200 шаршы метрді құрайтын   нысанының іске қосылуына жоспарланған 1 млрд. 100 млн. теңге қаржының 122 млн. теңгесі – кәсіпкердің өз қаржысы, 350 млн. теңгесі мемлекеттік қайтарымсыз грант есебінен, қалғаны жеңілдетілген несие арқылы қаржыландырылуда.
Бұл жерде маусымында 3 мың тонна алмадан 0,2 литрлік 16 млн. 300 мың дана дайын ыдыстағы шырын, 90 тонна кептірілген жеміс, 100 тонна кептірілген алма ұнтағын және 50 тонна балалар тағамын (пюре) өндіру жоспарланған.
Кәсіпкер шикізатты да өзі өндірмек. Яғни, өзінің 360 гектар алма бағынан  шыққан өнімінің сақтауға жарамай қалған бөлігін осы өндіріске жібермек. Қазіргі таңда  нысанның негізгі құрылысы   аяқтала келді. Көп кешікпей  шатырын жабу және іші, сыртын әрлеу жұмыстары атқарылмақ. Барлығы біткен соң Қытайдан қажетті құрылғылар алынып, оны орнату жұмыстары жүзеге асырылады.
Өндіріс орны толық іске қосылған жағдайда 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтіліп отыр.
З.Ахмет
ФОТО: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button