Жол апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің әйелі: «Сағым сынса, мені кешіргің!».
Алматы маңындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болған сержант Дастан Әбдіқановтың келіншегі әлеуметтік желідегі парақшасына жан тебірентерлік жазба қалдырды. Бұл туралы jurnalist.kz хабарлайды.
«Сүйікті жарым, неге бізді тастап кеттің?! Мен сені қатты сүйемін, өліміңе сене алар емеспін. Сен жақсы күйеу әрі әке бола білдің. Ұлың екеуміз сені жақсы көреміз және өмір бойы жақсы көріп өтеміз. Жүрегімізде мәңгіге сақталасың. Ал ұлың үшін сен нағыз батырдың үлгісісің. Жарығым, арқа сүйер азаматым, бақытқа толы үш жыл үшін рахмет саған. Ойдағы жоспарларымыз аяқсыз қалды, сен тым жас кеттің. Сенсіз қалай өмір сүретінімді білмеймін. Жоғыңа шыдамай сағым сынып кетсе, мені кешіргің. Рухың баламызды жебей жүрсін. Мен сені сүйемін, сүйіктім!», — деп жазды Динара инстаграм желісіндегі парақшасында.
Естеріңізге салайық, кеше Алматыда блок бекеттен бұзып өтпек болған мас жүргізушінің кесірінен екі полицей көз жұмған болатын.